«Оскар» ұйымдастырушылары ЖИ-актерлер мен сценарийлерге түбегейлі қарсы

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ-тың Кино өнері және ғылым академиясы «Оскар» сыйлығының ережелеріне өзгерістер енгізіп, жасанды интеллект көмегімен жасалған актерлік бейнелер мен туындылардың марапатқа үміткер бола алмайтынын жариялады, деп DW агенттігі.

«Оскар» ұйымдастырушылары ЖИ-актерлер мен сценарийлерге түбегейлі қарсы
Фото: instagram.com/tillynorwood

ЖИ-актерлерге тыйым салынды. Марапатқа тек адамның келісімімен және тікелей орындауымен жасалған рөлдер ғана қатыса алады. Бұл 2025 жылы ЖИ арқылы жасалған актриса Тилли Норвуд сияқты кейіпкерлерді іріктеуден шығарады. Бұл шешім марқұм Вэл Килмердің бейнесін жасанды интеллект арқылы қайта жаңғыртқан «Қабірдегідей терең» фильмінен кейін қабылданған.

Сценарийлерді тек адамдар жазуы тиіс. Академия ЖИ құралдары сценаристердің мүмкіндігін арттырмайды да, шектемейді де, алайда авторлық құқық адамға тиесілі болуы керек екенін атап өтті. Даулы жағдайларда қосымша құжаттар талап етіледі.

Актерлерге қатысты өзгеріс. Енді бір актер бір категорияда бірнеше рөл үшін де номинация ала алады. Бұрын тек бір рөл ғана ұсынылатын.

Халықаралық фильмдерге қатысты ереже. Енді «Шетел тіліндегі үздік фильм» номинациясына бір елден бірнеше фильм ұсынылуы мүмкін, егер олар беделді халықаралық фестивальдерде (Берлин, Канн және т.б.) жүлде алған болса. Бұрын тек ұлттық іріктеуден өткен бір фильм ғана қатыса алатын.

Айта кетейік, өткен жылдың қарашасында жасанды интеллект арқылы жасалған ән алғаш рет Billboard хит-парадында бірінші орынға шыққан болатын.

Ал 2026 жылғы Оскар сыйлығының қорытындысы бойынша кімдер, қандай марапат алғанын мына сілтемеден оқыңыз.