Өскемен қаласында 2-3 балл қуатымен жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 2 ақпан күні 03 сағат 54 минутта жер сілкінісін тіркеді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өскемен қаласында 2-3 балл қуатымен жер сілкінді

Зілзаланың ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 616 шақырым қашықтықта Қазақстан мен Қытай мемлекеттерінің аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты - 12,9. MPV магнитудасы - 5,8. Орналасу тереңдігі - 5 шақырым.

Жер сілкінісі Өскемен қаласының Зайсан қаласында 2-3 балл қуатымен сезілді (MSK-64 бағаны бойынша).

«Құрбан болғандар мен қираулар туралы мәліметтер түскен жоқ», - деді ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі.