Өскемен - Самар жолында жасанды қар көшкіні жүргізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 13 желтоқсанда «Қазселденқорғау» ММ мамандары жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, «Өскемен - Самар» автожолындағы 95-102 шақырымда 2 қар көшкінінің алдын-алу жұмыстарын жүргізді.

Өскемен - Самар жолында жасанды қар көшкіні жүргізілді

«Қазселденқорғау» баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған шара нәтижесінде 2 500 текше метр қар түскен. Қар массасы беткейде тоқтап қалды. Автожолға жетпеді. Сағат 14:25-те жол жүру қамтамасыз етілді. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта аталған аймақтағы жол қауіпсіз.

Бұл жұмыстарға 30 адам және 9 техника жұмылдырылды. Атап айтқанда: «Қазселденқорғау» ММ - 6 адам, «ШААЖҚТ» ММ - 7 адам,  «Шығыржарукәсіпорыны» ЖШС - 5 адам, ШҚО ТЖД - 1 адам, ІІД басқармасы - 2 адам, апаттық медицина - 3 адам, «Облшығысжол» КМК - 5 адам.