Өскеменде 5 қабатты үйде пәтер өртенді

АСТАНА. 16 желтоқсан. ҚазАқпарат - Өскеменде кеше сағат 20.20-да 5 қабатты тұрғын үйде, 1 қабатта орналасқан пәтерден өрт шықты.

Өскеменде 5 қабатты үйде пәтер өртенді

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланғандай, көршілер жалын тілін өрт сөндіру қызметінің құрылымы келгенге дейін ауыздықтады.

 Полиция қызметкерлері пәтерден 2 адамды қауіпсіз аймаққа көшірді, иіс тиген 40 жастағы ер адам мен 57 жастағы әйел күйік шалу белгілерімен ауруханаға жеткізілді.

 Өртті сөндіруге ШҚО ТЖД өртке қарсы қызметінің 9 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.