Өскеменде апат болған су құбырлары қалпына келтірілді

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Өскемен қаласында апат болған су құбырлары қалпына келтіріліп, үйлерге су берілді. 

Өскеменде апат болған су құбырлары қалпына келтірілді
Фото: ШҚО әкімдігі

Төрт күнге созылған қатты аяз әсерінен қаладағы Карбышев, Беспалов, Геологическая көшелерінде су құбыры желілерінде апат болған.

Құбырды қалпына келтіру жұмыстарына байланысты суық су беру уақытша тоқтатылып, тұрғындарға су тасымалдау ұйымдастырылды.

ШҚО әкімдігінің мәліметінше, Беспалов көшесіндегі құбыр 1964 жылы салынған. Қазіргі таңда тозығы жетіп отыр. 

— Осындай жағдайларды болдырмау үшін ескі құбырлар рет-ретімен ауыстырылып жатыр. Қазіргі уақытта жағдай қалыпқа келтірілді. Қаланың коммуналдық инфрақұрылымы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Жағдай бақылауда, — делінген ақпаратта.

Еске салсақ, осыған дейін Өскеменде су құбырында апат болып, бірнеше көше сусыз қалғаны хабарланған

Соңғы жаңалықтар