22:23, 22 Қараша 2015 | GMT +5
Өскеменде БҰҰ-ның 70 жылдығына арналған көрме ашылды (ФОТО)
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде Біріккен Ұлттар Ұйымының 70 жылдығына арналған «БҰҰ қуатты болса - әлем жақсара түседі» атты көрме ашылды.

Қазақстандағы БҰҰ даму бағдарламасының үйлестірушісі Малика Қоянбаева А.С.Пушкин атындағы кітапхана ұжымына ынтымақтастығы үшін алғыс айтты. Айта кетейік, БҰҰ өкілдігі облыстық кітапханамен бірлесіп екі жобаны табысты жүзеге асыруда.
Көрменің ашылу салтанатына ШҚО-дағы БҰҰ бағдарламасының өкілі Әсима Сұлтанова, Өскемендегі Ресей Федерациясының бас консулы Сергей Аненков, маңғыстаулық және қызылордалық қонақтар, студенттер қатысты. Олар БҰҰ мақсаттары Қазақстанға сай келетінін атап өтті. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаева БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясында сөйлеген сөзінде айтқан еді.
Көрмеде БҰҰ қызметі мен тарихына байланысты көптеген материалдар, анықтамалық және талдамалы, әдістемелік әдебиеттер ұсынылды.