Өскеменде электр желісіндегі апат қалпына келіп, 12 мың үйге қайта жарық берілді

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласында электр желісіндегі апат қалпына келтірілді.

СҚО-да шаруашылық техникасы магистралды электр желісін зақымдады
Фото: «Севказэнерго» АҚ

28 қаңтарда қаладағы 12 мыңнан астам абонент жарықсыз қалған болатын.

- Гагарин бульвары, Карбышев, Виноградов, Севастопольская көшелері аумағында және Мирный кентінде электр энергиясы апатты түрде өшірілді. Апатты бригада жедел түрде сол жерге барып, қалпына келтіру жұмыстарын қолға алды, - деп хабарлады «БЭСК» АҚ баспасөз қызметінен. 

Қазіргі уақытта электрмен жабдықтау толықтай қалпына келтіріліп, үйлерге жарық берілді. 

Еске салсақ, осыған дейін Өскеменде электр желілеріндегі апат салдары жойылып, үйлерге жылу берілгені хабарланған

Соңғы жаңалықтар