Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Өскеменде химия және биология пәндері мұғалімдерінің І Съезі ашылды

ӨСКЕМЕН. 27 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Өскеменде «Мектептегі жаратылыстану-ғылыми білім: ХХІ ғасырдағы қоғам, ғылым және технология» атты Қазақстанның химия және биология пәндері мұғалімдерінің І Съезі өз жұмысын бастады.

Өскеменде химия және биология пәндері мұғалімдерінің І Съезі ашылды

Оған Қазақстан, Ресей, АҚШ, Франция, Қытай, Монғолия, Германия, Жаңа Зеландия және тағы басқа елдерден 400-ге жуық делегат қатысуда.

Форум жұмысына ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов, БҒМ департаменттерінің, Ы.Алтынсарин атындағы Білім академиясының, ҚР Ұлттық биотехнология орталығының басшылары, шетелдік ғалымдар, елдегі жалпы білім беретін мектептердің химия және биология пәндерінің мұғалімдері, ЖОО-ның оқытушылары, облыстық білім басқармаларының өкілдері қатысуда.

Екі күннің ішінде С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің, «Алтай» техникалық паркінің және «Нұр Орда» халықаралық мектебінің алаңдарында «дөңгелек үстелдер», шеберлік сабақтар, секциялық кездесулер, аймақтың білім беру базасымен танысу және тағы басқа көптеген шаралар өтеді.

Съездің мазмұнды бағдарламасында сондай-ақ «Қазақстанның үздік педагогы» республикалық байқауының қорытындыларын шығару жоспарланған.