Өскеменде «Өз елім» атты бірінші республикалық фестивалінің қорытындысы шығарылды

желтоқсан. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өскеменде «Өз елім» атты бірінші республикалық фестивалінің қорытындысы шығарылды.
None
None

Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдері қазақтың ұлттық әндерімен поэтикалық шығармаларын мемлекеттік тілде орындады. Бұл шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған. Әртүрлі ұлт өкілдері сахнаға шығып, қазақ тілінде өздерінің көркем шығармаларын көпшілік назарына ұсынды. Қазақстан олар үшін туған Отаны болып саналады. Жеті аталым бойынша шешен, грузин, орыс, сондай -ақ неміс, әзірбайжан және басқа да ұл өкілдері жеңімпаз атанды.

Байқаудың негізгі идеясы «Біз ортақ тарихы бар және де жарқын болашаққа бірге қадам басатын біртұтас елміз». Фестиваль Қазақстанда алғашқы рет өтуде, алайда ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда енді бұл байқау жыл сайын өтеді деп жоспарлануда.

Еліміздің шығысына байқауға қатысу Қазақстанның түкпір-түкпірінен әртүрлі ұлттың өкілдері келді. Олар тек қана мемлекеттік тілді жақсы білулерімен шектелмей, ұлттық аспаптарда шебер ойнайды екен. Бұл байқауға 17 қазақстандық қатысты, аталмыш фестивальге оларды Қазақстан халқының аумақтық достық үйлері жіберіп отыр.

Барлық жеті жеңімпаз ноутбук сияқты бағалы сыйлықтармен марапатталды. Оларды облыс әкімі Бердібек Сапарбаев табыс етті. Сондай-ақ облыс әкімі «Өз елім» фестивалінің қатысушыларына алғыс хат пен ұялы телефондарды сыйға тартты.

Фестиваль Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдері арқылы қазақ ұлтының тілін, мәдениеті мен өнерінің құрметін арттыруға арналған.

Соңғы жаңалықтар