Өскеменде түнде дүкенде болған өрттен 150 адам қауіпсіз жерге шығарылды - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат - Өскемен қаласында бүгін 01:35-те бес қабатты көп пәтерлі үйдің бірінші қабатында орналасқан «Горизонт» дүкенінің «Жеміс-жидектер» бөлімінде витрина тоңазытқышы мен сөрелерінен өрт шыққан,
None
None

деп хабарлады ҚР ТЖМ.

Тілсіз жау екі сағаттан кейін сөндірілді. Оны ауыздықтауға ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысының ТЖД өрт сөндіру қызметінің 8 техникасы мен жеке құрамының 25 адамы, ҚР ТЖМ «МАО» ММ 1 техникасы мен 3 адамы жұмылдырылды. 30 шаршы метр аумақ отқа оранды. 150 адам қауіпсіз жерге шығарылды, оның ішінде 22-і балалар. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар