Өскемендегі наркодиспансер ғимаратында өрт шықты - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат - Кеше кешкілік Өскеменде облыстық наркологиялық диспансердің 5 қабатты ғимаратының жертөлесіндегі тұрмыстық бөлмеде өрт шығып, үш шаршыметрді шарпыды, деп хабарлады ҚР ТЖМ.
Өрт бір сағаттан кейін сөндірілді. Өртті ауыздықтауға ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің 13 адамы мен 3 бірлік техника жұмылдырылды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.