Өскеменнің бұрынғы прокуроры не себепті қызметтік тексеруге ілікті

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Бас прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Өскеменнің бұрынғы прокуроры Тимур Чакпантаев қызметінен не үшін босатылғанын түсіндірді.

документы, отчет
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

- Қызметтік тексеру қорытындысы бойынша Өскемен прокуроры қызметінен босатылды. Ол жұмыс тәртібін бұзған. Осы орайда біраз мәселе көтеріліп, жұмыстан шығарылды, - деді Ғ. Қойгелдиев Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Еске салсақ, жақында Өскемен қаласының жаңа прокуроры болып Руслан Әлішев тағайындалды.

Айта кетейік, Өскеменге жаңа прокурор бұрынғы басшы Тимур Чакпантаев уақытша қызметінен шеттетілгеннен кейін тағайындалып отыр. Қызметтік тергеу жүргізіліп жатқан Т.Чакпантаевқа өзіне бағынышты қызметкерлерді соққыға жықты деген айып тағылған.

Соңғы жаңалықтар