Отандық боксшы Азия чемпионатында қола жүлде еншіледі
АСТАНА. KAZINFORM — Жалғас Утебеков — Азия чемпионатының қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі.
U19 санаты бойынша 90 келідегі Жалғас Утебеков жартылай финалда Өзбекстан спортшысы Асадбек Султанбоевпен өзара мықтыны анықтады.
Отандасымыз шаршы алаңның ортасын бермей, шабуылда белсенді болуға тырысқанымен, төрешілер қарсыласты жеңімпаз деп санады. Есеп: 0:5.
Бұған дейін хабарланғандай, Едіге Нұрғожа Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.