Отандық ғалымдар жаңа күн панелін даярлап шығарды

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Зәки отандық ғалымдар әзірлеген жаңа күн панелі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Хитой 6G технологиясини ривожлантиришни тезлаштирмоқда
Фото: pixabay.com

«Қазір біздің ғалымдар әзірлеген жобалар бар. Физика-техникалық институтының өнімі қарағандылық компаниямен бірлесе қазір жаңа күн панельдерін жасауға мүмкіндік беретінін көріп отырмыз», - деді Дархан Ахмед-Заки Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Вице-министр бұл жоба отандық өнім екенін растады.

«Бүгін біз іскерлік кеңесте олардың өнімін экспорттау бағыттарын талқыладық. Бұл ретте, ғылыми институтпен өзара іс-қимыл арқылы отандық өнімді өндіріп, оны экспортқа шығаруға мүмкін болады. Осы өнім Физика-техникалық институты зерттеуі нәтижесінде жасалып отыр», - деді министрлік өкілі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Парламент Мәжілісінде «Ғылым және технологиялық саясат туралы» жаңа заң жобасы таныстырылды.

Соңғы жаңалықтар