Отандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының матчтарына тағайындалды
АСТАНА.KAZINFORM - Қазақстандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының 2026/2027 жылғы маусымындағы бірінші іріктеу кезеңінің матчтарына тағайындау алды. Бұл туралы Футбол федерациясы хабарлады.
Беларусьтің БАТЭ және Албанияның «Эльбасани» клубтары арасындағы 16 шілдеде Әзербайжанның Сумгаит қаласында өтетін кездесуге отандық төрешілер бригадасы қызмет етеді.
Матчтың бас төрешісі Данияр Сахи болады. Оған көмекшілер Сергей Васютин мен Самат Тергеусізов көмектеседі, ал қосалқы төреші қызметін Георгий Чеховский атқарады.
Сонымен қатар ҚФФ Төрелік ету және қадағалау департаментінің директоры Нуну Каштру Черногорияның «Дечич» және Латвияның «Лиепая» командалары арасындағы матчқа инспектор болып тағайындалды.
Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясындағы бұл кездесу 15 шілдеде Черногорияның Тузи қаласындағы стадионда өтеді.
Айта кетейік, футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалындағы Франция — Испания кездесуінің нәтижесі белгілі болды.