«Отаным - бақыт мекенім» жобасы аясында «Қазақстан камератасы» классикалық музыка ансамблі гастрольдік сапарға шықты

АСТАНА. 15 мамыр. ҚазАқпарат - ҚР Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты биылғы Жолдауында еліміздегі шағын қалалардың әлеуметтік-экономикалық жағдайына ерекше назар аудару керектігін атап өткен болатын.
None
None

Осыған байланысты Мәдениет және ақпарат министрлігі «Отаным - бақыт мекенім» айдарымен шағын қалалар тұрғындарының рухани сұраныстарының орнын толтыру мақсатында республикалық театрлар мен концерттік ұйымдардың гастрольдік сапарларының жоспарын әзірледі.

«Отаным - бақыт мекенім» жобасы мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, тұрғындарға Елбасының Қазақстан халқына Жолдауындағы басты бағыттарды жеткізу, шағын қалаларда тұратын халықтың рухани сұранысының орнын толтыру, ұлттық және әлемдік өнер және әдебиет туындыларын насихаттау, тұрғындардың мәдени демалысын ұйымдастыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Іс-шараның маңыздылығы мен өзіндік ерекшелігі ескеріле отырып, оған республикалық жетекші мәдениет ұйымдары тартылды. Олардың ішінде елімізге кең танымал «Қазақстан камератасы» классикалық музыка ансамблі бар.

Аталған ансамбль «Отаным - бақыт мекенім» жобасы аясында ү.ж. 17 мамырда сағат 12.00-де Алматы облысы Кентау қаласының Мәдениет үйінде өнер көрсетеді. Ансамбльдің бағдарламасына ең үздік шығармалар енгізілді.

Сондай-ақ гастрольдік сапарда ансамбльмен бірге белгілі жазушы Ғалым Жайлыбай болады. Ғалым Жайлыбай Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауының басым бағыттарын, еліміздегі халықтың мүддесі үшін атқарылып жатқан игілікті істер жайлы, сондай-ақ өзінің шығармашылығы туралы салиқалы ойларын халыққа жеткізбек.

Соңғы жаңалықтар