Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Өткен қыста Қызылорда жылу орталығы газдан мазут жағуға амалсыз көшуінің нәтижесінде ғана 550 млн. теңге қаражатты артық жұмсады

ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 23-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Өткен қыста Қызылорда қаласына газбен жылу беріп тұрған №6 жылу орталығын амалсыздан мазутқа көшірудің салдарынан ғана бюджеттің 550 млн. теңге қаржысы артық жұмсалды. Бұл ақшаға сол кезде 20 мың тонна мазут сатып алынды. Мұны жақында облыс әкімі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне берген сұхбатында мәлімдеді.

Өткен қыста Қызылорда жылу орталығы газдан мазут жағуға амалсыз көшуінің нәтижесінде ғана 550 млн. теңге қаражатты артық жұмсады

Егер осы жа­ғыл­ған мазуттың орнына газ пайдаланылып, электр қуаты мен жылу қуаты шығарылса, онда 24 млн. текше метр газ жұмсалар еді. Ал 24 млн. текше метр газдың құны 90 млн. теңге болады. Сонда 90 млн. теңге орнына 550 млн. теңге жұмсаған бюджеттің қаншалықты ортая түскенін аңғару қиын емес. Сол себепті Ақшабұлақ кен орнында газ өңдейтін екінші қон­дыр­ғыны іске қосу осы проблемалардың бәрін оңтайлы шешіп беретін болады.