Өткен жылы Қазақстанның сыртқы тауар айналымы 141,4 миллиард АҚШ доллары болды

АСТАНА. KAZINFORM – Өткен жылы Қазақстанның сыртқы тауар айналымы 141,4 миллиард АҚШ доллары болды. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Арман Шаққалиев айтты. 

Өткен жылы Қазақстанның сыртқы тауар айналымы 141,4 миллиард АҚШ доллары болды
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

— Жаһандық сын қатерлерге қарамастан министрлік үшін өткен жыл қызметтің барлық бағыттары бойынша оң серпінмен аяқталды. Өткен жылы сауданың өсуі 9,1 пайызды құрады. Сауда саласына 884,6 миллиард теңге инвестиция тартылды. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 14,6 пайызға көп. Ішкі тауар айналымы да тұрақты оң динамикада қалып отыр. Мәселен, өткен жылдың қорытындысы бойынша ішкі тауар айналымы 14,1 пайызға өсіп, 69,6 триллион теңгені құрады. Қазақстанның сыртқы тауар айналымы 141,4 миллиард АҚШ доллары болды. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 1,6 миллиард АҚШ доллар артық өскен, - деді министр.

Ведомство басшысының дерегінше, сауда балансы 3,1 миллиард АҚШ долларға өсіп, 21,8 миллиард АҚШ долларына жетті. Тауарлар мен қызметтердің шикізаттық емес экспортының көлемі өткен жылы 10,7 пайызға артып, 40,2 миллиард АҚШ долларын құрады.

— Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының индексі 1,4 пайызды ғана құрады. Бұл соңғы 10 жылдағы ең жақсы көрсеткіш. Жалпы сауда — ұлттық экономиканың негізгі салаларының бірі. Жұмыспен және эконмиканы тұрақты қамтуына ықпал етеді, - деді ол.

Соңғы жаңалықтар