Өткен жылы Астана бюджетінің 10,4 млрд. теңгесі жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешуге жұмсалды

АСТАНА. 7 маусым. ҚазАқпарат - 2011 жылдағы  жоспарланған Астана қаласы бюджетінің көлемі 2010 жылғы 301  778,8 млн. теңгемен салыстырғанда 353  128,7 млн. теңгеге дейін немесе 17 пайызға өсті.

Өткен жылы Астана бюджетінің 10,4 млрд. теңгесі жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешуге жұмсалды

Бұл туралы елорданың қаржы басқармасының бастығы Бекбол Сағын бесінші шақырылымдағы қалалық мәслихаттың кезектен тыс төртінші сессиясында өткен жылғы бюджеттің орындалуы жөніндегі есебі барысында мәлім етті.

Аталған мәліметтерге сүйенсек, шығыстар 20 пайызға өскен. Егер 2010 жылы шығыс 287,740 млрд. теңгені құраған болса, 2011 жылы бұл сома 345,678 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Осылайша, бюджетті орындау 95,3 пайыздан 97,9 пайызға дейін артты.

«Егер жалпы көрсеткіштер туралы айтатын болсақ, онда қала бюджетінің кірісіне 342 717,0 млн.теңге түсті немесе жоспар 4, 192 млрд.теңгеге артық орындалды. Оның ішінде қала бюджетінің жеке кірістерінің жалпы көлемі 95, 688 млрд. теңгені құрады, немесе жоспар 105,0 пайызға орындалды», - деді ол.

Салық түсімдері бойынша кіріс көздерінің 87,2 пайызын құрайды, түсім 83 444,8 млн. теңгені немесе 79 059,6 млн.теңге сомасындағы жоспардың  105,5 пайызын құрады, қосымша түскені 4 385,2 млн.теңге.

Салықтан тыс төлемдер бойынша - 2 404,3 млн.теңге немесе 902,4 млн.теңге жоспардың 266,4 пайызы, қосымша 1 501,9 млн.теңге түсті.

Негізгі капиталды сатудан түскен кірістер бойынша - 9 839,0 млн.теңге немесе 11 128,3 млн.теңге.

«Нәтижеге қол жеткізуге негізделген бюджеттік саясаттың арқасында  стратегиялық мақсаттарға және нәтижелерге  қол жеткізуге қаражаттар жұмсалды.  Бұл ретте, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындайтын  негізгі стратегиялық міндеттер - халықтың өмір сүру  деңгейін арттыру, жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу, индустриалық-инновациялық даму, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету болып табылды.  2011 жылғы бюджеттік саясат басым әлеуметтік шығындарға бағытталды. Соңғы бес жылда білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек, мәдениет, спорт, туризмге арналған шығындар  оң динамикаға ие, егер 2007 жылы аталған шығындар 33, 814 млрд. теңге сомасында жүргізілген болса, 2011 жылы ол 71, 965 млрд. теңгені құрап отыр немесе 2,1 есеге ұлғайды», - деді басқарма бастығы.

2011 жылы Астана қаласында жұмыссыздық деңгейі 5,8 пайызды  құрады, бұл 2010 жылдың қорытынды көрсеткішінен 0,4 пайызға төмен.

Экономиканы тұрақтандыру бойынша дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде республикалық бюджеттен 12 343,1 млн.теңге алынды.

Соның ішінде 776 млн.теңге жеке кәсіпкерлікті қолдау және «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде индустриалық инфрақұрылымды дамытуға бағытталды.

Тағы 1,166 млрд.теңге 2020 жылға дейін халықты жұмыспен қамтудың жаңа бағдарламасы іс-шараларын іске асыруға, жұмыспен қамтуды құруға және ұстауға, жеке тұлғалардың еңбекақы төлемін біртіндеп қаржыландыруға, кәсіптік даярлауға, кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыруға бағытталды.

Сонымен қатар жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу үшін 10,4 млрд. теңге, соның ішінде 2 млрд. теңге - Астана қаласының құрылыс объектілерінде үй салушылардан пәтер сатып алуға және 8,4 млрд. теңге - үлескерлердің қатысуымен тұрғын үйлерді салуды аяқтауға  бағытталды.