Отырарда өткен семинарда ауқымды мәселелер көтерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Индустрияландыру» акциясы аясында Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданына қарасты Жаңа шілік ауылындағы «Жаңа Жер» шаруа қожалығында семинар өтті, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
None
None

Егемендігімізді ұлықтау, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, мал және егін шаруашылығында жетістіктерге жетудің жолдарын түсіндіру, бағыт-бағдар беру мақсатында өткен жиынға аудан әкімінің орынбасары Әбдіғали Жүнісов қатысып, ширек ғасырлық мерейлі мерекемен құттықтап, семинарға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Шаруашылық төрайымы Гүлсара Сейітжан осындағы жақында іске қосылғалы жатқан Сүт өңдеу цехында тың технологиялармен таныстырды. Алдағы уақытта сүт өнімдерін терең өңдеу арқылы қаймақ, ірімшік т.б. түрлерін дайындап, жуық арада аудан тұрғындарына жергілікті өнімді ұсынатындығын жеткізді. Бүгінде егін және мал шаруашылығымен қатар айналысатын шаруа қожалық өз өнімдерін ауданымызда ғана емес, еліміздегі ірі компанияларды азық-түлікпен қамтамасыз етіп отыр.

Тәжірибе алмасу мақсатында өткен семинарда шаруа қожалығының Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері негізгі тақырыпқа арқау болып, шаруалар өздеріне қажетті көптеген маңызды мағлұматтарды алып тарқасты.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар