Өзбек тарапы Таяу Шығыстағы соғысты тоқтату келісімне қатысты мәлімдеме жасады
ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігі тараптардың Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату және бітімге келу шешіміне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі.
– Өзбекстан Пәкістан басшылығының араағайындығымен қол жеткізілген Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату және бітімге келу туралы мәлімдемені құптайды.
Мұны шиеленісті шешу жолындағы маңызды қадам ретінде бағалаймыз. Барлық тараптарды ұстамдылық танытуға, жағдайды қайта ушықтыратын әрекеттерге бармауға және тұақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған өзара іс-қимылды жалғастыруға шақырамыз, - делінген ведомствоның мәлімдемесінде.
Мұнымен бірге, өзбек тарапы БҰҰ Жарғысының қағидаттарын қатаң сақтай отырып, қақтығыстарды тек бейбіт жолмен реттеу қажеттігін тағы бір мәрте атап өтті.
Еске салайық, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстың бітімге келу туралы келісімін құптаған еді.
Бұған дейін Таяу Шығыстағы шиеленісті дипломатиялық жолмен реттеуге бағытталған маңызды қадам жасалғанын жаздық. АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға соққыларды уақытша тоқтатуға дайын екенін мәлімдегеннен кейін, ресми Тегеран екі апталық бітім шарттарын қабылдады. Тараптар арасындағы келіссөздер жұма күні Исламабадта басталмақ.