Өзбекстан халқына ауа ластанатыны ескертілетін болады

АСТАНА. KAZINFORM – Өзбекстан 1 наурыздан бастап шаңды дауыл тұрып, атмосфералық ауадағы ұсақ дисперсті бөлшектер белгіленген нормасынан асып кеткен жағдайда халықты хабардар ететін болады, деп жазады Uza.

ауа сапасы
Фото: Pixabay

Бұл Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің 2024 жылдың 21 ақпанындағы «Өзбекстан-2030» Стратегиясын жүзеге асырудың мемлекеттік бағдарламасын бекіткен жарлығында көзделген.
Осы күннен бастап жүрек-қан тамырлары және тыныс алу жолдары ауруларымен ауыратын адамдарға, сондай-ақ денсаулығы ауаның ластануына сезімталдығы жоғары басқа да азаматтарға қажетті профилактикалық іс-шаралар туралы жүйелі түрде ақпарат берілуі тиіс.

Жарлықта, сондай-ақ, 1 наурыздан бастап 500 шаршы метр және одан да көп құрылыс алаңдарында шаң мен құм бөлшектерінің ауаға көтерілуіне жол бермеу бойынша міндетті талаптар енгізу көзделген.

Соңғы жаңалықтар