Өзбекстан космосқа өз ғарышкерін жіберу үшін дайындыққа кірісіп жатыр

ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Ресми Ташкент тұңғыш өзбек ғарышкерін космосқа жіберуге дайындалып жатыр.Мұны жыл қорытындысы бойынша халыққа және парламентке арнаған Жолдауында көршілес елдің президенті Шавкат Мирзиёев айтты, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі. 

Өзбекстан космосқа өз ғарышкерін жіберу үшін дайындыққа кірісіп жатыр
Фото: Pixabay

— Бүгін мен тағы бір маңызды жаңалықпен бөліскім келеді. Тәуелсіз Өзбекстан тарихында алғаш рет біз ғарышқа жасанды спутник және тұңғыш өзбек ғарышкерін, еліміздің азаматын ұшыру бойынша жұмыстарды бастадық. Бұл жаңа Өзбекстанның ғылыми-техникалық ілгерілеуіне серпін береді және тұтас ұлтымыздың дамуын жаңа деңгейге көтереді деп сенемін, — деп мәлім етті Шавкат Мирзиёев.

Өзбекстан басшысы бұл мақсатқа қол жеткізу үшін ІТ саласын одан әрі дамыта түсу маңызды екенін атап өтті.

— Біз ІТ қызмет экспортын 2030 жылға қарай 5 млрд долларға жеткіземіз. Келесі жылы Ташкент, Бұхара, Ферғана және Ташкент облыстарында 4 деректер орталығы, 2 суперкомпьютер және жасанды интеллект зертханалары іске қосылады. Тиісінше, біз медицина, көлік, ауыл шаруашылығы, геология және қоғамдық қауіпсіздік сияқты маңызды салаларда 100-ден астам жасанды интеллект жобасынн жүзеге асыруға мүмкіндік аламыз, — деді Шавкат Мирзиёев.

Еске салайық, бұған дейін космосқа тағы бір қазақ ғарышкерін жіберудің шарттары пысықталып жатқанын жазып едік.

Қоса кетсек, 2026 жылы Өзбекстан мен Қытай ғарышқа Жерді қашықтықтан зондтайтын спутник ұшыруды жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар