Өзбекстан мен Еуроодақ кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық келісіміне қол қоймақ

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев 23-24 қазан аралығында Брюссельге ресми сапармен барады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

 Өзбекстан мен Еуроодақ кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық келісіміне қол қоймақ
Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі

Сапар барысында Шавкат Мирзиёев Еуропалық комиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен және Еуропалық кеңестің президенті Антонио Коштамен келіссөз жүргізбек.

Кездесуде тараптар биыл сәуірде Самарқандта өткен «Орталық Азия - Еуроодақ» саммитінде келісілген жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылайды. Сондай-ақ, экономика, инвестиция, инновация, энергетика және көлік-логистика салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін сөз етеді.

Ресми сапар аясында Өзбекстан мен Еуропа Одағы арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қою жоспарланған.

Еске салайық, 4 сәуірде Өзбекстанның Самарқанд қаласында «Орталық Азия - Еуропа Одағы» форматындағы алғашқы саммит өткен еді. Оның барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар бастама көтерді.

Соңғы жаңалықтар