Өзбекстан мен Иран бірлескен туризм комитетін құруы ықтимал

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстан елшісі Фахриддин Насриев пен Иранның Мәдени мұра, туризм және қолөнер министрі Сейед Реза Салехи Амири Тегеранда кездесіп, екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Өзбекстан мен Иран бірлескен туризм комитетін құруы ықтимал
Фото: «Dunyo» ақпарат агенттігі

Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігіне қарасты Dunyo ақпарат агенттігінің мәліметінше, кейінгі бірнеше жылда ресми Ташкент пен Тегеран арасындағы экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстар дамудың жаңа сатысына шықты. 

Өзбекстан мен Иран бірлескен туризм комитетін құруы ықтимал
Фото: «Dunyo» ақпарат агенттігі

- Кездесу барысында Өзбекстан мен Иранның туризм бойынша бірлескен комитетін құру және ЮНЕСКО аясындағы ынтымақтастықты бекемдей түсу мүмкіндігі талқыланды, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Иран тарапы Өзбекстанның туристік компанияларын биыл 11-14 ақпан аралығында Тегеранда өтетін 18-ші Халықаралық туристік көрмеге қатысуға шақырды.

Еске салсақ, былтыр 11 айдың ішінде Өзбекстанға 1,3 миллионнан астам қазақстандық турист саяхаттап барған. Бұл ретте Ташкент 2024 жылы 2,2 млн қазақстандық саяхатшыны қабылдауды жоспарлаған еді.

Соңғы жаңалықтар