Өзбекстан мен Қытай визасыз режим орнатуға мүдделі

ТАШКЕНТ. KAZINFORM - Өзбекстан мен Қытай виза талаптарын өзара оңтайландыру мүмкіндігін талқылап жатыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Өзбекстан - Қытай визасыз режим
Фото: "Dunyo" ақпарат агенттігі

Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Dunyo» агенттігінің мәліметінше, виза талаптарын жеңілдету мәселесін ҚХР СІМ Консулдық департаменті мен Өзбекстан елшілігінің өкілдері талқылады.

«Өзбекстан үкіметінің басым қызметтерінің бірі өзге елдермен арадағы виза талаптарын жеңілдету, бірдей негізде визадан босатуға бағытталған, - деп мәлім етті «Dunyo» ақпарат агенттігінен.

Айта кетсек, Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим былтыр 10 қарашада орнады. Оған сай, Қазақстан азаматтары Қытай аумағында, Қытай азаматтары Қазақстанда 30 күннен аспайтын уақыт аралығында визасыз жүре алады.

 

Соңғы жаңалықтар