Өзбекстан мен Ресей ядролық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

ТАШКЕНТ. KAZINFORM - Өзбекстан Республикасы Министрлер кабинети жанындағы Индустрия, радиациялық және ядролық қауіпсіздік комитетінің төрағасы бастаған делегация Ресей Федерациясында сапарда жүр, деп хабарлайды ӨзА

Өзбекстан мен Ресей ядролық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде
Фото: ӨзА

Сапар барысында комитет төрағасы Абдуваққос Рафиқов пен Қоршаған орта, технология және ядролық бақылау федералды қызметінің (Ростехнадзор) басшысы Александр Трембицкийдің кездесуі өтті.

Онда тараптар индустрия, радиациялық және ядролық қауіпсіздік саласындағы бақылау органдарының міндеттері мен өкілеттіктері бойынша тәжірибе алмасып, өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту бағыттарын талқылады.

Комитеттің ақпарат қызметінің хабарлауынша, тәжірибелік сапар барысында Өзбекстан делегациясы бірқатар ұйымдардың қызметімен танысады. «Калинин АЭС-іне» техникалық турға да қатысады.

Өзбекстан мен Ресей арасындағы бұл ынтымақтастық атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануда ядролық және радиациялық қауіпсіздікті реттеуге бағытталған келісім аясында жүзеге асырылуда.

Кездесу соңында 2025-2026 жылдарға арналған Бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірлеу келісілді.

Еске сала кетейік, дрон шабуылы нәтижесінде Мәскеуге бағыт алған өзбекстандық ұшақтар басқа әуежайларға жіберілді.

Соңғы жаңалықтар