Өзбекстан Президенті Ислам Каримов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа жиі кездесіп тұруды ұсынды

АСТАНА.  7 қыркүйек. ҚазАқпарат - Елімізге ресми сапармен келген  Өзбекстан Президенті Ислам Каримов  бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кеңейтілген құрамдағы кездесуі барысында жиі кездесіп тұруға ұсыныс жасады.

Өзбекстан Президенті Ислам Каримов  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа жиі кездесіп тұруды ұсынды

«Біздер Өзбекстанда халықтарымызды бірнеше ғасырлар бойы байланыстырып тұрған тарихи дәстүрлі достыққа негізделген тату көршілік қарым-қатынасты, ортақ тамырластықты, құндылықтарды, мүдделестікті аса жоғары бағалаймыз», - деді ол.

Оның пайымынша, екі халықтың осы тамырластықты терең түсінуі Қазақстан мен Өзбекстанның екіжақты ынтымақтастығына мығым негіз қалайды.

Сондай-ақ, Ислам Каримов  мемлекет арасында туындайтын мәселелерді дер уақытында шешу үшін жиі кездесіп тұруды ұсына келе: «Егерде толықтай алғанда Орталық Азия өңірі  мен оның төңірегіндегі ахуалдың шұғыл өзгеріп отыратындығын ескерсек, бұл кездесу екі есе талап етіледі, әрі өзекті»,-деді.