Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Өзбекстан Президенті ТМД-ға қатысушы мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысына қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Кәрімов 15-16 қазан аралығында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысына қатысады, ол Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласында өтеді, деп хабарлайды УзА.

Өзбекстан Президенті ТМД-ға қатысушы мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысына қатысады

Мемлекеттер басшыларының кездесуінің күн тәртібінде - ТМД аясында ынтымақтастықты арттыру мәселелері, сондай-ақ өзекті халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша пікірталас өтеді.