Өзбекстанда аптап ыстыққа байланысты пойыздар енді баяу жүреді

ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Өзбекстандағы пойыздар аптап ыстыққа байланысты енді баяу жүре бастайды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Өзбекстанда аптап ыстыққа байланысты пойыздар енді баяу жүреді
Фото: UzA ақпарат агенттігі

«Өзтеміржолаушы» компаниясынан мәлім еткендей, мұндай шешім жолаушылар мен жүк тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданып отыр.

— Жылдамдыққа қатысты шектеу енгізілген соң пойыздар межелі жерге кестеде көрсетілген уақыттан кешігіп жетуі мүмкін. Сонымен қатар аптап ыстыққа байланысты вагондардағы салқындату жүйесінің де қуаты төмендейді, — делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қоса кетсек, синоптиктер 16 маусымда еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық болатынын ескертті. Тиісінше, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары қауіпсіздік шараларын еске салды.

Соңғы жаңалықтар