Өзбекстанда көлікке таудан тас құлап, 3 жолаушы көз жұмды

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстанның Тахтакарача асуында таудан құлаған тас Chevrolet Cobalt көлігін басып қалып, салдарынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.

Өзбекстан
Фото: Өзбекстанның Жол қозғалысы қауіпсіздігі қызметі

Жол қозғалысы қауіпсіздігі қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 6 қараша күні Қашқадария облысында болған.

«Апатқа байланысты Самарқан мен Қашқадария облыстарын байланыстырып жатқан М-39 тас жолының 1 138-ші шақырымы уақытша жабылды», - деп мәлім етті ведомстводан.

Еске сала кетейік, биыл 9 айдың ішінде Қазақстанда 19 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан 26 703 адам зардап шеккен еді. 

Сондай-ақ Қырғызстанда қар көшкіні жүріп, он көлік туннельде қалып қойғанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар