Өзбекстанда мас күйінде көлік тізгіндегін 30 мыңнан астам жүргізуші жазаланды
ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Былтыр мас күйінде көлік басқарған 31,3 мың өзбекстандық әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Жоғарғы соттың баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткен жылы мас күйінде темір тұлпар тізгіндеген жүргізушілерге қатысты 32,7 мың әкімшілік іс қаралған. Оның нәтижесінде 31,3 мың азаматқа айыппұл салу, көлік жүргізу құқығынан айыру және әкімшілік қамаққа алу жазалары қолданылған.
Сонымен қатар, былтыр 9 айда Өзбекстанда 308 мыңнан астам жаяу жүргінші жол ережесін бұзған.
Еске сала кетейік, Өзбекстанда электромобильдер үшін утильалым құны қымбаттайды.
Сонымен қатар, былтыр Қазақстан Өзбекстанға ең көп электромобиль экспорттаған елдердің үштігіне енді.
Бұған қоса, Өзбекстанда автобус пен арнайы техникаға арналған жолақпен жүрген көлік жүргізушілеріне айыппұл салу жоспарланып отыр.