Өзбекстанда матч өткізген Карим Бенземаның аяғын жанкүйері жарақаттап ала жаздады
Футболдан Сауд Арабиясының чемпионы атанған «Әл-Иттихад» командасы Ташкентте өзбекстандық «АGMK» құрамасына қарсы ойын өткізді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Азия чемпиондар лигасы аясында өткен матчқа қатысу үшін әлемге танымал футболшы, «Әл-Иттихадтың» капитаны Карим Бензема да келді. Жанкүйерлер спортшыларды Өзбекстан астанасында жылы қарсы алып, сый көрсетті.
Артынша «Әл-Иттихад» пен өзбекстандық «АGMK» командалары арасында матч өтті. Ойында саудиялық футболшылар 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Бұл кездесу жанкүйерлердің жадында қызықты оқиғаларымен есте қалды. Атап айтқанда, матч кезінде Карим Бензема фанаттарының бірі алаңға жүгіріп шығып, футболшыға қарай жүгірді. Осылайша азамат футболшыға жете бергенде құлап, Карим Бенземаның аяғын жарақаттап ала жаздады. Кейін ол жанкүйер алаңнан шығарылды.