Өзбекстандағы Қазақстан елшісі Халықаралық құраш қауымдастығының басшысымен кездесті

ТАШКЕНТ. 19 маусым. ҚазАқпарат - Өзбекстан Республикасындағы ҚР Төтенше және Өкілетті елшісі Бөрібай Жексембин Халықаралық құраш қауымдастығының басшысы Комил Юсуповпен кездесті,

Өзбекстандағы Қазақстан елшісі Халықаралық құраш қауымдастығының басшысымен кездесті

 деп хабарлады қазақстандық дипломатиялық елшілік.

Өзбекстан Республикасының ХҚА басшысымен жүздесуде Өзбекстанда аталмыш спорт түрін құру және дамыту бойынша таныстырылым өтті.

Құраш - спорттың ежелгі түрі, ол Өзбекстанның аумағынан бастау алады. Зерттеушілердің соңғы мәліметтеріне зер салсақ, құраштың жасы кем дегенде үш жарым мың жылды құрайды.