Өзбекстандық еңбек мигранттарының ақша аударымдары жалпы халық табысының 16% тең

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстанда халықтың барлық жиынтық табысының шамамен 16 пайызы еңбек мигранттарының ақша аударымдарынан келеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі Әлихан Асқар.

Өзбекстан
فوتو: uza.uz/kz

Өзбекстан Орталық банкінің есебіне сәйкес, еңбек миграциясы халықтың жиынтық табысына, ішкі сұранысқа және ақша аударымдарынан болатын балансының тұрақтылығына әсер етеді.

«2018-2023 жылдар аралығында халықтың барлық жиынтық табысының шамамен 16%-ы еңбек мигранттарының ақша аударымдарына тиесілі болды. Сауда балансы тапшылығының көп бөлігі трансшекаралық ақша аударымдарының есебінен өтеледі», - делінген Орталық банк ақпаратында.

Айта кетейік, бүгінде еңбек мигранттары негізінен жақын маңдағы елдерде, яғни Ресей мен Қазақстанда шоғырланған.

 

Соңғы жаңалықтар