Өзбекстанға барған шетелдік туристердің әр төртіншісі — Қазақстан азаматы
АСТАНА. KAZINFORM — 2026 жылғы қаңтар-шілде айларында 1 855 562 Қазақстан азаматы туристік мақсатпен Өзбекстанға барған.
Өзбекстан Ұлттық статистика комитетінің мәліметі бойынша, жеті ай ішінде елге туристік мақсатпен 7 749 308 шетелдік азамат барған. Қазақстан азаматтарының үлесі жалпы туристер ағынының шамамен 24%-ын құрады. Демек, Өзбекстанға келген әрбір төртінші шетелдік турист Қазақстаннан барған.
Республикаға барған ең көп шетелдік туристер ішінде Қазақстан екінші орын алды.
Қырғызстан 2 177 108 туристпен бірінші орынды, ал Тәжікстан 1 728 978 туристпен үшінші орынды иеленді.
Алғашқы ондыққа Ресей (710 824 турист), Ауғанстан (281 200), Қытай (269 735), Түрікменстан (192 830), Түркия (111 908), Үндістан (32 462) және Оңтүстік Корея (26 512) кірді.
Жалпы 2026 жылдың алғашқы жеті айында Өзбекстанға барған туристер ағыны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,4 миллион адамға артып, 22,6%-ға өскен.
Бұған дейін Қазақстан Өзбекстанның негізгі үш сауда серіктесінің біріне айналғаны хабарланған болатын.