Өзбекстанның Энергетика министрлігі елдегі электр қуатының үзілуіне қатысты түсінік берді
АСТАНА.KAZINFORM - Сурхандария және Өзбекстанның басқа да бірнеше облыстарында электр қуаты үзіліп, тұрғындар жарықсыз қалды.
Өзбекстанның Энергетика министрлігінің мәліметінше, елдің көптеген аймақтарында электр қуатымен жабдықтау толық қалпына келтірілді.
-Көрші елдің энергетикалық жүйесіндегі апат Орталық Азия электр желісіне әсер етті. Нәтижесінде Сурхандария мен басқа да бірнеше облыстарда электр қуаты үзілді, - делінген министрлік мәлімдемесінде.
Министрлік қай ел туралы айтып отырғанын нақтыламады.
Айта кетейік, Тәжікстан мен Қырғызстан аудандары жаппай электр қуатынсыз қалды.
14 тамыз күні түстен кейін Алматының төрт ауданында және Алматы облысының 10 ауданында электр қуаты үзілді.