10:38, 17 Қыркүйек 2025 | GMT +5
Өзбекстанның Қазақстанмен шекаралас орналасқан облысында жер сілкінді
ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстанның Науаи облысына қарасты Кинемех ауданында жер сілкінді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Өзбекстан Сейсмикалық мониторинг орталығының дерегінше, жерасты дүмпуі бүгін сағат 9:14-те тіркелді.
Эпицентрдегі жер сілкінісінің магнитудасы - 4, ал іргелес Бұхара облысының Гиждуан ауданында 2-3 балл болды.
Айта кетейік, Науаи өңірі Қазақстанның Қызылорда облысымен шекаралас орналасқан.
Қоса кетсек, 1 қыркүйекке қараған түні Ауғанстанда күші 6 балдық жер сілкінісі болып, салдарынан 2200-ден астам адам қаза тапты.
Бұл туралы X әлеуметтік желісінде Талибан қозғалысының ресми өкілінің орынбасары Хамдулла Фитрат хабарлады.