Өзбекстанның Орталық банкі базалық мөлшерлемені 14% деңгейінде қалдырды
ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Өзбекстан Орталық банкінің Басқармасы базалық мөлшерлемені жылдық 14% деңгейінде сақтап қалу шешімін қабылдады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі.
Банктен мәлім еткендей, маусымда жылдық инфляция 6,4%-ға дейін жеделдеді. Бұған ең алдымен тарифтердің көтерілуі және көмір бағасын мемлекет тарапынан реттеуді тоқтату себеп болды.
Бұл ретте экономикалық белсенділік артты. Атап айтқанда, жарты жылда Өзбекстанның ішкі жалпы өнім көлемі 8,5%-ға өсті.
— Осы факторларды ескере отырып, базалық мөлшерлемені жылдық 14% деңгейінде сақтап қалу инфляцияны тұрақты түрде баяулатуға мүмкіндік береді, — деп мәлім етті Орталық банктен.
Базалық мөлшерлеме бойынша келесі отырыс биыл 16 қыркүйекте өтеді.
Еске салайық, ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 16,75% деңгейінде белгіледі.
Ұлттық банктің мәліметінше, базалық мөлшерлеменің төмендеуі теңге бағамына әсер етпейтінін айтқан еді.