Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Өзбекстанның Қазақстандағы Елшілігінде республика тәуелсіздігінің 18 жылдығы және Ташкенттің 2200 жылдығы аталып өтті

АЛМАТЫ.   Қыркүйектің 28-і.  ҚазАқпарат /Серік Қойбағаров/ - Өзбекстан  Республикасының Қазақстандағы Елшілігі   сенбі күні Алматыда     республика  тәуелсіздігінің   18 жылдығына  және   Ташкент  қаласының 2200 жылдығына   орай  ресми қабылдау  өткізді.

Өзбекстанның Қазақстандағы   Елшілігінде    республика тәуелсіздігінің 18  жылдығы және  Ташкенттің 2200   жылдығы аталып өтті

Өзбекстанның Төтенше және  Өкілетті елшісі  Фаррух  Тұрсынов    өз сөзінде атап  көрсеткендей,   Тәуелсіздіктің арқасында    мемлекеттің  мыңжылдық тарихы    қалпына келтірілді,   діні   мен    ұлттық құндылықтары      жанданды.  «Өзбекстан басшылығы таңдаған    және  жаңа қоғам тұрғызуға  бағытталған  реформалар  моделі     өзбек  халқының    мүддесіне  толық   жауап  береді»,  деп  атап көрсетті Елші  өз сөзінде.

 Өзбекстанның  Тәуелсіздік күні  биыл     Ташкенттің  2200  жылдығы атаулы   мерекесімен    тұспа-тұс  келіп  отыр.  Елшінің  айтуынша, Ташкент  - әлемдік   өркениеттің    дамуына     айтулы үлес қосқан  және  әрқашан     ірі  қоғамдық-саяси,  экономикалық, ғылыми, мәдени орталық болып  келген    қала.  «Осынау  екі мерекенің     қатар  келуінің  маңызы  зор, себебі    ел және    елорданың тарихы мен бүгінгі  өмірі    өзара тығыз  байланысты»  деп  атап көрсетті  дипломат.


Мерекелік  шара барысында  өзбекстандық орындаушылардың  қатысуымен        концерт    өтті.     Фаррух  Закиров  бастаған «Ялла»  тобы өнер көрсетті.