Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Өзен - Түрікменстанның мемлекеттік шекарасы темір жолының экспорттық әлеуеті - жылына 3-тен 8 млн. тоннаға дейін астық тасуға мүмкіндік береді - А.Мамин

АҚТАУ. Шілденің 20-сы. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - «Өзен - Түрікменстанның мемлекеттік шекарасы темір жолының экспорттық әлеуеті - жылына 3-тен 8 млн. тоннаға дейін астық тасуға мүмкіндік береді. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин Бастау разъезінде болған кезде мәлім етті.

«Өзен - Түрікменстанның мемлекеттік шекарасы темір жолының экспорттық әлеуеті - жылына 3-тен 8 млн. тоннаға дейін астық тасуға мүмкіндік береді - А.Мамин

«Біз астық өндірушілермен пысықтадық - бұл бағыттың экспортық әлеуеті - 3-тен 8 млн. тоннаға дейін астық тасымалдауға мүмкіндік береді», - деді А.Мамин.

Бұл теміржол тармағы «Өзен -Қызылқия- Берекет-Этрек -Горган» халықаралық жобасының бөлігі болып табылады. Оны Қазақстан, Иран және Түрікменстан бірлесе жүзеге асыруда. Жалпы ұзындығы - 686 шақырым, оның 146 шақырымы Қазақстан аумағы арқылы өтеді.