«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» тақырыбында сайыс болды

ҚЫЗЫЛОРДА. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Қызылорда облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдас­тыруымен жоғары және арнаулы орта оқу орындары арасында «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» тақырыбында көңілді тапқырлар клубтарының сайысы болып өтті,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кешті облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастығы Мейрамбек Шермағанбет ашты. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында өткен сайысқа «Қорқыт жастары», «Келесі аялдама», «Кеш жарық», «Сыр жігіттері», «Сыр жастары», «Арал-Ас» және «Тұңғыш Астана» командалары қатысты. Жас өнерпаздар сайысқа жақсы дайындықпен келгендіктерін көрсетті. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.

Соңғы жаңалықтар