Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ozon қосымшасы Google Play жүйесінен жоғалып кетті

АСТАНА.KAZINFORM — Маркетплейс иесі компанияның хабарлауынша, Android құрылғыларына арналған Ozon, Ozon Fresh, Ozon Seller, Ozon Job және Ozon Travel қосымшалары Google Play дүкенінен жоғалып кеткен. Олардың не себепті өшірілгені әзірге белгісіз. Бұл туралы DW жазды.

Ozon
Фото: Ozon

Компания Ozon Google Play ережелерін бұзбағанын және аталған қосымшалардың ешқайсысы санкцияға ілінбегенін атап өтті. Қазіргі уақытта бұл қосымшалар Apple App Store мен Huawei AppGallery дүкендерінде әлі де қолжетімді.

Бұған дейін Google Play дүкенінен Ozon Банктің қосымшасы да алынып тасталған болатын. Ozon Банкі Еуропалық Одақтың санкциялар тізіміне енгізілген.

Еске сала кетейік, 2023 жылдың соңындағы жағдай бойынша Ozon алаңында – 45 400, Вайлдберриз алаңында – 55 704 қазақстандық сатушы тіркелген.