Ozon мен Wildberries-те қанша қазақстандық сатушы тіркелген

АСТАНА. KAZINFORM – Электронды маркетплейстерде отандық тауарлардың көптеп ұсынылуына көңіл бөлінеді. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев баяндады.

Покупатели из Казахстана смогут приобретать товары на Ozon в рассрочку
Фото: Kazinform

«Біз 2025 жылға дейін электрондық сауданы дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын қабылдадық. Электрондық саудада тұтынушылар құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында түзетулер әзірленді, қазір осы заң жобасы Парламент Мәжілісінде қаралуда», - деді А. Шаққалиев Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, маркетплейстерде отандық өндіріс тауарларының ұсынылуын кеңейтуге ерекше назар аударылады. Бүгінде Сlever Market маркетплейсінің басты парақшаларында қазақстандық өнімге баннер шығарылды, алдымен қазақстандық өнімді іздеу нәтижелерін шығаруда басымдық берілген.

«Қытайдың Alibaba және JD.com ірі маркетплейстерінде ұлттық павильондар ашылды. Бүгінгі таңда Alibaba-да 7500 тауар, JD.com-да тауарлардың 30 түрі ұсынылған, осы платформаға 1,5 миллионнан астам қазақстандық қызығушылық танытуда», - деді ол.

Сонымен бірге, Қазақстанда екі ірі ресейлік маркетплейс – Озон және Вайлдберриз жұмыс істейді. 2023 жылдың соңындағы жағдай бойынша Oзoн алаңында – 45 400, Вайлдберриз алаңында – 55 704 қазақстандық сатушы тіркелген.

«Oзон маркетплейсі екі фулфилмент-сұрыптау орталығын іске қосты, барлық қалаларда 1189 тапсырысты жеткізу пункті ашылды. Вайлдберриз маркетплейсі жалпы ауданы 29 600 м2 болатын 6 логистикалық орталық және 621 тапсырысты жеткізу пункті ашқан, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларында екі фулфилмент орталығын салу жоспарлануда», - деді Сауда министрі.

Соңғы жаңалықтар