Пьер Карденнің моделі «Семей аруы» атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Семей аруы-2017» сұлулық байқауында 18 жастағы Динара Баймұратова жеңіске жетті. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі конкурстың Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.



Семей аруы атанған Динара Баймұратова 18 жаста. Енді ол Астанада өтетін «Қазақстан аруы - 2017» байқауында өз қаласының намысын қорғайтын болады.

Семейдегі арулар байқауында Динара финалға өткен тоғыз қыздың бірі болды.




«Алғаш рет «Miss Semey - 2017» конкурсында қазылар алқасының құрамында болдым. Қыздардың бәрі бірінен өткен сұлу. Жеңімпазды анықтау қиын болды, бірақ ұзақ талқылаудан кейін бір үміткерді таңдадық - Динара Баймұратова «Семей аруы-2017» атанды. Бірінші  вице-мисс - Мөлдір Сейітқазина, екінші вице-мисс - Дамира Бадриттенова, үшінші вице-мисс Диана Әділбекова болды», - деп жазды «Қазақстан-Семей» телеарнасының директоры Арсен Бектасов әлеуметтік желідегі парақшасына.

Еске салайық, 2016 жылы Динара Мәскеуде өткен Жоғары сән апталығына қатысып, Пьер Карден топтамаларын көрсететін 20 үздік модельдің қатарына енді. Сондай-ақ ол бұған дейін Miss Kazakh Beauty-2016, Young Miss Semey-2016, Miss Asian Beauty-2016 титулдарын иеленген.

"Мисс Семей 2017" стала 18-летняя Динара Баймуратова. Она представит свой город на "Мисс Казахстан 2017" в Астане. Поздравляем!

Публикация от Miss Kazakhstan (@misskazakhstan_official) Окт 22 2017 в 7:48 PDT

Соңғы жаңалықтар