Палестина АҚШ-тың Газадағы халықаралық күштер туралы қарар жобасын сынға алды

АСТАНА.KAZINFORM - Бұл мәлімдеме БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде АҚШ-тың Газаға халықаралық күштерді орналастыру бастамасы бойынша дауыс беру қарсаңында жасалды, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Палестинские фракции раскритиковали проект резолюции США по Газе
Фото: x.com / @VPCommsDir

ХАМАС және басқа да палестиналық фракциялар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде дауысқа салынып жатқан және Газаны демилитаризациялау мен шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Халықаралық тұрақтандыру күштерін (ХТК) құруды талап ететін АҚШ-тың қарарын сынға алды.

Жарияланған жазбада фракциялар құжатты «қауіпті» деп атап, оны Газаға халықаралық қамқорлық орнату, Палестинаны басқаруды және жергілікті институттардың рөлін шектеу әрекеті ретінде бағалады.

Мәлімдемеде ұсынылған басқару құрылымы негізгі өкілеттіктерді халықаралық органға тиімді түрде беретіні, фракциялардың пікірінше, бұл палестиналықтардың тәуелсіз шешім қабылдау мүмкіндігін әлсірететіні айтылды. 

- Қару-жарақпен байланысты кез келген мәселе ұлттық шеңберде шешілуі, оккупацияның аяқталуына және өзін-өзі билеу құқығын жүзеге асыруға кепілдік беретін процесспен байланыстырылуы керек, - делінген мәлімдемеде.

Құжатта Израильмен үйлестіре отырып әрекет ете алатын және осылайша оның мүддесіне тиімді қызмет ете алатын халықаралық күштер ұсынған моделі сынға алынады.

Газа секторында кез келген шетелдік әскери араласу, соның ішінде база құруға немесе Палестинаның келісімінсіз әскерлерді енгізуге қарсылық білдіріледі, себебі бұл егемендікті бұзу болып саналады. Фракциялар Израиль әрекетін бақылау және бейбіт тұрғындарға төнген қауіп үшін жауапкершілікті арттыру тетіктерін талап етті.

Алайда, жексенбі күні ХАМАС өкілі Хазем Кассем америкалық жоба анклавтағы тұрақтандыруға ықпал етпейтінін және палестиналықтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етпейтінін мәлімдеді.

- Біз оккупацияның Газаға, Батыс жағалауға немесе Иерусалимге қарай жылжуына жол бермейтін және халқымыздың өзін-өзі билеу құқығын қорғайтын қарар қабылдағымыз келеді, - деді ол SAFA жаңалықтар агенттігі таратқан түсініктемеде.

Дүйсенбі күні кешке Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде атысты тоқтату жоспарын және Газа секторын бақылауды Халықаралық тұрақтандыру күштері мен Палестина әкімшілігіне «Бейбітшілік кеңесінің» бақылауымен беруді қолдайтын қарар жобасы бойынша дауыс беру жоспарланған.

Құжатта аумақты демилитаризациялау және халықаралық контингентпен бірге жұмыс істеу үшін Палестина полициясын оқыту талап етіледі.

Айта кетейік, Палестиналықты зорлау әрекеттерінің видеосын жариялаған Израиль тілшісі қудаланды.

Соңғы жаңалықтар