Пара дзюдодан әлем чемпионатында еліміздің қос құрамасы чемпион атанды
АСТАНА. KAZINFORM — Астанада өткен пара дзюдодан әлем чемпионаты мәресіне жетті. 13-15 мамыр аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында жалғасқан пара дзюдодан жаһандық дода мәресіне жетті.

IBSA Judo World Championships Astana бәсекесінің үшінші күнінде үшінші күнінде командалық сайыстан ерлер мен әйелдер арасында жүлделер сарапқа салынды.
Еліміздің ерлер құрамасы командалық сайыста чемпион атанды. Олар Моңғолия мен Грузияны жарыстар шығарса, финалда басты фаворит Бразилияны жеңіп кетті.
Ал Қазақстан әйелдер құрамасы айналмалы жүйе бойынша сайысқа түсті. Жарыс жолында Түркия, Үндістан және тартысты белдесуде Өзбекстаннан басым түсті. Тек бастапқы кезеңде ғана бір ұпаймен Бразилияға жол берді. Нәтижесінде чемпиондық атаққа қол жеткізді.
Қазақстан пара дзюдошылары әлем чемпионатында жекелей сында 11 жүлде жеңіп алды. Оның ішінде 2 алтын, 2 күміс және 5 қола алды. Жалпы командалық есепте 4-орынға тұрақтады.
Қазақстандық жүлдегерлер тізімі:
* Жұрқамырза Шукурбеков — алтын (+95 келі, J2 санаты)
* Бексұлтан Құлмырза — алтын (81 келі, J2 санаты)
* Ғалымжан Смағұлұлы — күміс (81 келі, J2 санаты)
* Аяла Мереке — күміс (70 келі, J2 санаты)
* Ерғали Шамей — қола (81 келі, J1 санаты)
* Даяна Федосова — қола (60 келі, J2 санаты)
* Айназ Куралова — қола (46 келі, J1 санаты)
* Бағланбек Оналбек — қола (+95 келі, J1 санаты)
* Ерлан Утепов — қола (+95 келі, J1 санаты)
Айта кетейік, үш күнге жалғасқан жарыста 38 елден 300-ден астам спортшы қатысты.