Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Пара волейболдан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы қола жүлде үшін таласады

АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың Ханчжоу қаласында волейболды отырып ойнаудан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жартылай финалдық кездесуін өткізді.

Пара волейболдан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы қола жүлде үшін таласады
Фото: Қазақстан пара волейбол федерациясы

Қазақстандық параволейболшылар бұл жолы аса мықты Иран құрамасына тап келді. 

Ирандықтар фаворит екендігін дәлелдеп, 3:0 (25:18, 25:10, 25:23) есебімен жеңіске жетті. 

Иран құрамасы волейболды отырып ойнаудан әлемдегі ең атақты құрамалардың бірі болып саналады. Ирандық спортшылар әлем чемпионаттары мен Паралимпиада ойындарында сегіз рет үздік шыққан. Соның ішінде 2024 жылы Паралимпиада ойындарының жеңімпазы атанды. 

Осылайша, Иран финалға жолдама алса, Бауыржан Тахауовтың шәкірттері соңғы ойында қола жүлдені сарапқа салады. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын пара волейболдан әлем чемпионатында Қазақстанның жартылай финалға жолдама алғанын жазған едік.