«Пари Сен-Жермен» алғаш рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды
АСТАНА. KAZINFORM - Франциялық «Пари Сен-Жермен» өзінің тарихында алғаш рет футболдан UEFA Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды.

Жанкүйерлер аталған кездесу тартысты өтеді деген ойлаған еді. Екеуі де финалға дейін жақсы ойын өрнегін көрсетіп келді. Сондықтан олардың тарапынан көп гол соғылады деген жоспары болды.
Кездесу барысында франциялық команда жинақы қимылымен көзге түсті. Олардың қатарынан Ашраф Хакими 12-минутта есеп ашса, одан кейін Дезире Дуэ 20, 63, Хвича Кварцхелия 73, Сенни Маколу 86-минутта мергендік танытты.
Осылайша «Пари Сен-Жермен» қарсыласынан 5:0 есебімен басым түсіп, аталған турнирдің жеңімпазы атанды.
«Пари Сен-Жермен» өз тарихында екінші мәрте Чемпиондар лигасы финалына шығып отыр. 2020 жылы олар финалда Германияның «Бавария» командасына 0:1 есебімен жол берді.
Ал «Интер» қазірге дейін 1964, 1965, 2010 жылдарда Чемпиондар лигасын жеңіп алса, 1967, 1972, 2023 аталған турнирдің финалисі атанды.
Еске салсақ, бұдан бұрын Англияның «Тоттенхэм Хотспурс» командасы 2025 жылғы UEFA Еуропа лигасының чемпионы атанды.
Сондай-ақ Англияның «Челси» клубы футболдан UEFA Конференция лигасының чемпионы болды.