«Пари Сен-Жермен» Чемпиондар лигасы финалына жолдама алды

АСТАНА. KAZINFORM — Францияның «Пари Сен-Жермен» клубы UEFA Чемпиондар лигасы финалына жолдама алды.

«Пари Сен-Жермен» Чемпиондар лигасы финалына жолдама алды
Фото: championat

Жартылай финалда франциялық клуб Англияның «Арсенал» клубымен шеберлік байқасты.

Жарыстың аталған сатысындағы екі команданың бірінші кездесуінде «Пари Сен-Жермен» сырт алаңда 1:0 есебімен тізе бүктірген еді. Жолдаманың қолдан шығып бара жатқанын ұққан англиялық клуб қарымта ойында алғашқы минуттан гол соғу мүмкіндігін іздеді. Десе де өзінің қақпасына екі гол жіберіп алды. Оны франциялық клубтан Фабиан Руис 27, Ашраф Хакими 72-минутта өзінің еншісіне жазды. Оған 76-минутта «Арсенал» футболшысы Букайо Сака бір голмен жауап қайырды.

Осылайша «Пари Сен-Жермен» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Енді олар 31 мамырда Германияның Мюнхен қаласындағы «Мюнхен арена» стадионында финалда Италияның «Интер» клубымен кездеседі. 

Олар 6 мамырда Испанияның «Барселона» клубын (4:3, 3:3) қапы қалдырған еді.

Соңғы жаңалықтар